12 қазан 2015 | 16:55

"Әскери дискурс" семинарына Қазақстанның өңірлік тілшілері қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған "Әскери дискурс" үшінші семинарына алғаш рет тілшілер қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған "Әскери дискурс" үшінші семинарына алғаш рет тілшілер қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер таулы жағдайларда жұмыс істеуді, альпинизм және экстремалды жағдайларда аман қалу негіздерін оқып-үйренді. Тұйық су аңғарында ұйымдастырылған шара барысында 40-қа жуық тілші, фотографтар, операторлар мен блогерлер қарулы шиеленіс аймағында жұмыс теориясы мен практикасын, жауынгерлік іс-қимылдар ерекшеліктерін, моральдық және психологиялық дайындықты, таулы жағдайларда аман қалу негіздерін зерделеді.

Семинарға қатысушылар 2600 метр биіктікке көтерілуді мақсат етті, ең төзімділері 3100 метр биіктікті бағындырып, "Мың жылқы" метеостанциясына көтерілді. Бейнекарталар мен диктофондық жазбалардан жадының толып кеткен гигабайттары, қаншама жол жүрілген шақырымдар, алынған білімнің баға жетпес қазынасы, ал ең бастысы қатысушыларға табыс етілген сертификаттар, осының барлығы тау бөктерінде қазақстандық армияның әскери қызметшілерінен алынған бірегей тәжірибе болып қалады.

"Маған аман қалу техникасын зерделеу өте ұнайды, оны іс жүзінде қолдану үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға тырысамын. Бұл семинар маған журналист ретінде және мұндай жағдайда аман қалуға септігін тигізетін кез келген сәтте күрделі жағдайға душар болатын адамның көзқарасымен өте қызықты, өйткені, жауынгерлік жанжал аймақтарынан жаңалықтарды жария етуді, таратуды қалаймын. Мен шиеленіс ошағына фотограф ретінде барғым келеді, себебі, кәсіби көзқарас тұрғысында өзің туралы паш етуге керемет мүмкіндік. Сондықтан мен үшін пайдалы болды, себебі, өзімнің жұмысымда қолдана алатындай тәжірибе жинақтадым", - деді семинарға қатысушылардың бірі.

Айта кетейік, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен 2015 жылдың шілдесінде, тамызында және қазанында өткізілген "Әскери дискурстың" үш семинарына шамамен 150 қазақстандық журналист, фотографтар, операторлар мен блогерлер қатысты. Тәжірибелі әскери нұсқаушылар, психологтар пен сарапшылар журналистерге өздерінің біраз білімдері мен дағдыларын берді.

"Осы семинар жеке мен үшін стереотитерді толық бұзуға айналды", - дейді "Әскери дискурсқа" қатысушы Манарбек Әбенов. - Бұрын мен Қарулы Күштеріміз, Қорғаныс министрлігі мүлде жабық мекеме деп ойлайтынмын, енді бұлай емес екеніне көзім жетті. Біздің ғасырымызда ақпарат қолжетімді және ашық болуы тиіс".

Қазақстандық БАҚ өкілдері мен Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің өзара әрекет етуі күннен күнге дами түсуде және олардың бірлесіп атқарған қызметінің нәтижесі армияның оң беделін қалыптастыру, ұлтжандылық пен Отан сүйгішттікке тәрбиелеу, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштеріндегі қызмет туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру.


© ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети