ҚР Қорғаныс министрлігі суға батып бара жатқан қызды құтқару кезінде Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 47762 әскери бөлімінің кіші сержанты Ерлан Райымқұловтың қаза тапқаны туралы мәліметтті растады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 10 мамыр күні тапа тал түсте "Газмашаппаратура" бау шаруашылығы ауданында орын алды. Итін құтқарамын деп 12 жасар қыз суға қарғып түсті. Қыз бала суға бата бастады. Батып бара жатқан баланы көріп, кіші сержант Е. Райымқұлов еш ойланбастан қызды құтқаруға кіріседі. Алайда, өзі судан шыға алмай қалады.
Ерланның артынан әйелі мен кәмелетке толмаған екі баласы қалды. Қаза болған әскери қызметшінің әріптестерінің айтуынша, ол өз қызметін жақсы көрді және өз ісінің нағыз маманы болды. Ол үнемі жоғары жауапкершілік, тәртіптілік, әскери қызметке деген адалдықпен ерекшеленетін. Жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық дайындық пәндері бойынша үздік нәтижелер көрсетіп, оған сеніп тапсырылған әскери техниканы үлгілі ұстайтын. Достары мен жақындары оны қайырымды және өзгелердің проблемаларына бей-жай қарамайтын адам ретінде естеріне алады. Ол қамқор әке, керемет отағасы болды. Әкесінің батыл ерлігін мақтан тұта алатын екі ұлды өсірді.
Ерлан Райымқұлов
Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы және ҚР Қарулы Күштерінің барша жеке құрамы қаза болған әскери қызметшінің туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Ерланның ерлігі әрбір қазақстандық үшін үлгі болып табылады. Өйткені, жанқиярлық пен батылдықты қызметтік міндетті орындау кезінде ғана емес, сонымен бірге, кез келген өмірлік жағдайларда танытуға болады.