Әскери қызметкерлер қыз баланы зорламақшы болғандардан аман алып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Ұйғыр ауданы "Қалжат" елді мекенінің маңайында Қазақстан әскерлерінің біріккен "Айбалта" стратегиялық командалық-штабтық оқуына барған Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қыз баланы зорламақшы болғандардан аман алып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

"14 сәуірде кешкі сағат 22:00 шамасында "Айбалта" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуына тігілген біріккен далалық лагерьді күзету және қорғау бойынша патрульде жүрген кіші сержант Рамиль Шормаков және старшина Айбек Мухамеди жанұшыра көмекке шақырған әйел адамның даусын естиді. Естігендерін бірден лагерь бойынша кезекші аға лейтенант Нұрсұлтан Қуандыққа баяндап, көмекке шақырған адамға қарай асығады. Оқиға орнына жылдам жеткен патрульге қыз бала өзін бейтаныс екі адамның зорламақ ниетте болғанын, көмекке келе жатқан адамдарды байқап, қашып кеткендігін айтады", - делінген хабарламада. 

Ұландық әскерилердің 102 нөміріне хабарлаған шақыртуы бойынша оқиға орнына Шонжы аудандық полиция басқармасынан жедел тергеу тобы келіп, бірлескен іс-қимылдарының нәтижесінде 1985 жылғы А. және 1974 жылғы В. деген екі ер адам күдікті ретінде ұсталды. Олардың оқиғаға қатысы бар-жоғын анықтау үшін Шонжы аудандық полиция басқармасына жөнелтіліп, қылмыстық іс қозғалды.

Ұландықтардың қырағылығы мен жылдам әрекет етуінің арқасында Алматы облысының тұрғыны бұзақылардың арам ойының құрбаны болудан аман қалды. Қыз бала далалық лагерьден жеткен өзінің құтқарушыларына алғысын білдірді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети