15 тамыз 2024 | 09:42

Әскери сот Тұрлыхановтың ұлына қатысты видеоға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры

Алматы гарнизонының әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Болат Тұрлыхановқа қатысты видеоға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы гарнизонының әскери соты Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Болат Тұрлыхановқа қатысты видеоға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы гарнизонының әскери соты сотта Болат Н. қатысты іс бойынша сот актісі тіркелген жері бойынша Астана ҚАЖД-на орындауға уақытылы жіберілгенін хабарлады.

""Астана қаласының Байқоңыр ауданы бойынша пробация қызметінің хатымен материал орындалмай қайтарылды, себебі мекенжай үкім бойынша мекенжайға сәйкес келмеді. Осыдан кейін сот сотталушының нақты тұрғылықты жерін анықтау бойынша рәсімдер жүргізді, өйткені оның деректерін сұрату кезінде екі қалада орналасқан екі мекенжай көрсетілді", - делінген сот хабарламасында.

Әскери сот департаменті аталған рәсімдердің неліктен ұзаққа созылғанын анықтау бойынша тексеру жүргізіп жатқаны атап өтілді.

Қазіргі уақытта іс бойынша үкім Алматы мен Астанада тіркелген жерлері бойынша пробация қызметіне берілді.

Бұған дейін Қазақстандық заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде бостандығын шектеуге үкім шығарылған Нұрасыл Болаттың түнде Алматыдағы көшеде достарымен бірге жүргені көрсетілген видео жариялады.

"Таң атпастан видео келді. Видеодағы депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығы шектелген және оған міндеттер жүктелген, бірақ видеодан оны сақтамай жүргені көрінеді. Видео шамамен таңғы 3-те салынған, 23.00-де ол үйде болуы керек. Сонымен қатар, оның тіркелген жері, пробация да Астана қаласында, ал видео түнде Алматы қаласында түсірілгені айтылды. Қаншама заңбұзушылық?! ҚАЖК-ға біраз сауалым бар", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды. Бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова жазды.

Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети