Әскеридің өлім алдындағы хаты делінген жазба жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскеридің өлім алдындағы хаты делінген жазба жарияланды ©Тengrinews.kz

Интернетте Астанада автокөлік жарылысы кезінде қаза тапқан подполковник Арман Сыздықовтың өлім алдындағы жазбасы делінген хат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интернетте Астанада автокөлік жарылысы кезінде қаза тапқан подполковник Арман Сыздықовтың өлім алдындағы жазбасы делінген хат пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыздықовтікі делінген хатта екі фамилия аталады. Мәтінде: "Менің басқа амалым қалған жоқ, бұл қорлыққа одан әрі төзе алмаймын. (...) Оларды қалайда жазалайды және адамдармен жұмыс істеуден шеттетеді деп үміттенемін, бірақ мен оны көре алмаймын", - делінген. Айта кетейік, оқиға орнынан өлім алдында жазылған хаттың табылғаны бұған дейін хабарланған болатын. 

Қорғаныс министрлігі ғимараты маңында автокөлік 10 ақпан күні күндіз жарылды. Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарылыс ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің қызметшісі, подполковник, 1975 жылы туған Сыздықов Арман Қайдарұлы отырған Chevrolet маркалы автокөлікте болды. Алған жарақатынан ол оқиға орнында қайтыс болды, көшеден өтіп бара жатқандардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Арман Сыздықовтың Қорғаныс министрлігінің ақпараттандыру және телекоммуникация бас басқармасында жұмыс істегені белгілі болды. Куәгерлер марқұмның қолында гранатаның мұрындығы болғанын көргенін айтты.

Tengrinews.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети