Әскерилер 101 жастағы ардагерді құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
polisia.kz polisia.kz

Қарағандыда 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 101 жастағы ардагерді құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда 6505 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 101 жастағы ардагерді құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар Ұлы Отан соғысының ардагері, 101 жастағы Григорий Степенкоға арнайы барып, құрмет көрсетті. Ардагерді құттықтауға бригада командирі Мақсат Қырғызбаев, оның тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Мақсат Мұқаев, бөлім офицерлері мен әскери оркестр қатысты.

Ұландықтар ардагердің үйіне барып, жылы лебізін білдіріп, гүл мен мерекелік сыйлықтар табыстады. Әскери оркестр ардагерге майдан жылдарындағы сүйікті әуендерін орындап берді.

Григорий Степенко 1925 жылы 10 сәуірде Воронеж облысында дүниеге келген. 1943 жылы Павлодар облысынан майданға шақырылған. Алғашқы ұрыстарын 2-Украин майданында пулеметші ретінде бастаған. Ол Курск-Орел шайқасына, Белгород, Орел, Харьков, Курск, Кенигсберг, Варшава қалаларын азат етуге қатысқан. Сондай-ақ, Днепр өзенін кешіп өту операциясына да атсалысты. Соғыстың соңғы кезеңінде Забайкалье майданының 39-армиясына қарасты 56-атқыштар полкінің құрамында Қиыр Шығыста шайқасты.

Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен, III дәрежелі Даңқ орденімен, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін" және өзге де мерейтойлық медальдармен марапатталған.

Ардагер қонақтарға алғысын білдіріп, майдан жылдарындағы естеліктерін бөлісті, ұландықтарға батасын беріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.44  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer