16 шілде 2014 | 20:11

Әскерилер бітімгерлік миссиясына аттану үшін БҰҰ жауабын күтіп отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет rtvi.com сайтынан алынған Сурет rtvi.com сайтынан алынған

Қазақстан өз офицерлерін бітімгерлік миссиясы бақылаушылығына аттандыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының жауабын күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан өз офицерлерін бітімгерлік миссиясы бақылаушылығына аттандыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының жауабын күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Бұл сұрақ қазіргі уақытта қаралу үстінде. ҚР ҚК офицерлерін БҰҰ-ның төрт бітімгерлік миссиясына-Батыс Сахараға, Гаитиге, Кот-д’Ивуарға, Либериге әскери бақылаушы ретінде жіберуді Парламент қолдаған. Тиісті өтініш БҰҰ Хатшылығына тапсырылған. Егер бос орын болған жағдайда қазақстандық офицерлерді бітімгерлік миссиясына жіберу мәселесі шешілетін болады" дейді Сыртқы істер министрлігінен.

"Дәл қазір мұның нақты мерзімін айту қиын. Өйткені бұл көптеген жағдайлармен байланысты. Ол үшін БҰҰ-ның және сол миссияға қатысты мемлекеттің шешімі қажет" деп мәлімдеген Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосынан.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың науырыз айында ҚР Сыртқы істер министрлігі 20 қазақстандық әскерилердің БҰҰ бітімгерлік миссиясымен бақылаушы ретінде баруға дайын екенін мәлідеген еді.

Әскерилер төмендегідей критеримен таңдап алынған: шені бойынша капитаннан полковникке дейін; БҰҰ-ның арнайы курсынан өткен және осы ұйымның бітімгершілік бойынша басқарушы құжаттарын білетін; ағылшын тілін жетік меңгерген; жеңіл және арнай көлікті жақсы басқаратын.

Айтып өткендей, таңдап алынған мамандарға БҰҰ талаптары жоғары. Ағылшын тілін еркін меңгеруі тиіс, себебі, негізгі жұмыс-ақпарат жинау және жағдайды сараптау, ауызша және жазбаша түрде есеп беру.

Қоса кетер жайт, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның тек БҰҰ миссиясымен бақылаушыларды ғана емес, алдағы уақытта әскери бөлімшелерді де жіберуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Алайда бұған бір нақтылық енгізілді. БҰҰ миссиясына қазақстандық 150 адамды қатыстыру туралы шешім қазақстандық бақылдаушылардың БҰҰ миссиясына қатысуы мен мемлекет ішіндегі тиісті шараларды атқарған соң шешілетін болады.

Сондай-ақ, сыртқы істер министрлігінің мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі тарапынан бітімгерлік әрекет туралы заң жобасы жасалып жатыр. Егер ол заң қабылданатын болса, қазақстандық бітімгерлік контингентін жіберу реттелетін болады.

Етеріңізге сала кетсек, 2013 жылдың соңында Қазақстан Парламентінің біріккен отырысында екі палата да ҚР Президенті-Жоғарғы Бас қолбасшының Қазақстан Қарулы күштері офицерлерін БҰҰ миссиясына қатыстыру туралы ұсынысын қолдаған болатын.

Бастама іске асса, бұл Қазақстанды 2107-2018 жылдары БҰҰ қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес кандидат ретінде ұсынуға жол ашады. Сонымен қатар қазақстандық этникааралық және конфессияаралық келісім тәжірибесінің моделін таратуға қолғабыс жасайды.

Одан өзге, бұл мемлекеттің халықаралық беделін нығайтып, жетекші елдермен арадағы қарым-қатынасты кеңейтіп, ұзақ мерзімге тұрақты дамуына жағдай жасайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети