12 сәуір 2017 14:30

Әскеріміздің соғысқа қабілеттілік деңгейі жоғары - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі ахуалы мен армия алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде есеп берілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы Күштерді жасақтау қарқынды жүргізіліп келе жатқанына тоқталып, бұл жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

"Қыста да, жазда да әскери оқу-жаттығу шаралары өткізілді. Әскеріміздің соғысқа қабілеттілік деңгейі жоғары. Тәртіп жақсарғаны байқалады", - деді Елбасы.

Қазақстан Президенті әскерді қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа түрлерімен қайта жарақтандыру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру, еліміздің аумақтық қауіпсіздігі мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін дамыту мәселелеріне назар аударды.

Сәкен Жасұзақов Мемлекет басшысына әскердің соғысқа қабілеттігі деңгейін, Қазақстан әскері қатарындағы тәртіп пен жинақылықты сақтау шараларының атқарылу барысы туралы мәлімдеді.

"Бүгінде Қарулы Күштер қатары 93 пайыз деңгейінде жасақталды. Салыстырмалы түрде алсақ, бұл көрсеткіш 2015 жылы 89 пайыз болған еді. Қазіргі уақытта офицер, сержант және қатардағы сарбаз құрамдарын жасақтау үшін әскерге келісімшарт бойынша шақыру жұмыстары жүргізілуде. Мерзімді әскери қызмет қатарына алынатындар санын арттырдық. Биыл әскердің барлық түріне 34 мыңға жуық мерзімді әскери қызметшіні шақыру жоспарланып отыр", - деді Қорғаныс министрі.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети