Аслан Мұхамбетбайұлы Мыңбаев 41 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tеngrinews.kz тілшісі. Бұл туралы мәліметті Мыңбаев модернизация және даму жөніндегі вице-президент қызметін атқарған "ПетроКазахстан Ойл Продакт" компаниясының өкілдері растады.

Аслан Мыңбаев 1 шілдеде жүрегі ұстап, қайтыс болыпты. "Компания ұжымы Аслан Мұхаметбайұлының қазасына байланысты жақындары мен туыстарына көңіл айтамыз", - дейді компания өкілдері.
Алдын ала мәлімет бойынша, Аслан Мыңбаев Алматыда жерленеді. Аслан Мыңбаевтың "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың інісі екені белгілі.
Аслан Мұхаметбайұлы Мыңбаев 1977 жылы 11 ақпанда дүниеге келген. 1998 жылы ҚазМАУ-ды экономист мамандығы бойынша тәмамдады. 2004 жылы Hult International School Business of экономика басқармасының магистрі, 2000 жылы - "Қазақтелеком" ААҚ-ында ішкі аудит қызметінің бас экономисі, 2000-2004 жылдары - "Қазақойл" ҰК ЖАҚ және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-ы активтер департаменті басқармасының экономисі болды.
2005-2007 жылдары - "ҚазТрансОйл" АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменттің менеджері, бас менеджері, директоры болған. 2007 жылы - "ММС" ЖШС-ында бас директордың орынбасары; 2007-2010 жылдары "Қазтеңізтрансфлот" Ұлттық теңіз қатынасы компаниясы АҚ-ының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. 2010 жылдан бастап Caspu Bitum біріккен кәсіпорынының директоры болды.