Асқар Мамин Chevron өкілімен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Мамин Chevron өкілімен кездесті © primeminister.kz

Асқар Мамин Chevron өкілі Тодд Левимен Қазақстанда мұнай-газ машинасын жасауды дамыту перспективаларын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Мамин Chevron өкілі Тодд Левимен Қазақстанда мұнай-газ машинасын жасауды дамыту перспективаларын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министр сайтына сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Асқар Мамин Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыстағы Chevron барлау және өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесу өткізді.
 
Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру аясында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Chevron компаниясы Қазақстанның мұнай өндіру саласындағы ірі серіктестерінің қатарында, Теңіз, Қарашығанақ жобаларына, Каспий Құбыр Консорциумы мұнай құбырын кеңейтуге қатысады.

2018 жылы ТШО мұнай өнімдерінің көлемі 28,6 миллион тоннаны құрады.

Тодд Леви биыл мұнай өндіру бойынша жоспарлы көрсеткіштер асыра орындалатынын айтты. Өз кезегінде, Болашақ кеңейту жобасын - Сағалық қысымды басқару жобасын іске асыру 2022 жылға қарай өндіруді жылына 12 млн тоннаға ұлғайтуға жол ашады. Жобаларды іске асыру мәселелерінде қазақстандық қызметкерлер үлесін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлінген. ТШО кеңейту жобасына 45 мыңнан астам қазақстандық тартылған, бұл қызметкерлердің жалпы санының 91 пайыз. 

Кездесуді қорытындылай келе, ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин мұнай-газ және мұнай сервисі салаларындағы жергілікті өндірісті дамытудың маңыздылығына тоқталып өтті. Жабдықтар мен техниканы елімізде шығару индустрияландыруды дамытуға қосымша серпін береді және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады.

Тараптар ынтымақтастықты жоғары бағалайтындарын айтып, әрекет етіп тұрған жобаларды жалғастырып, жаңа бірлескен жобаларды қолға алу тұрғысынан стратегиялық серіктестікті жалғастыруға ниет білдірді. ҚР-ның экономикалық көрсеткіштерінің өсуі мен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі тұрақты жұмыстарды ескерсек, өзара іс-қимылды одан әрі кеңейте түсуге үлкен әлеует бар. 

Мәселені талқылауға "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы А. Айдарбаев, ҚР энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети