Астана әкімінің орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімінің орынбасары тағайындалды Қосман Айтмұхаметов. ©Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Қала басшысының өкімімен Қосман Айтмұхаметов Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала басшысының өкімімен Қосман Айтмұхаметов Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Бүгін аппараттық кеңес барысында Әділбек Жақсыбеков жаңа қала басшысының орынбасарын ұжымға таныстырды. "Қайтадан тағайындалған Қосман Айтмұхаметов тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді - энергетика, сумен қамту, газбен қамту ұйымдарының жұмысын үйлестіруді, тіршілікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану салаларында өңірлік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

Елорда әкімі бұрынғы қала басшысының орынбасары Василий Крыловқа атқарған қызметі үшін алғыс білдірді және жаңа қызметінде табыс тіледі.

Айтмұхаметов бұған дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети