Астана әкімшілігі шағымдарды WhatsApp арқылы қабылдай бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімшілігі шағымдарды WhatsApp арқылы қабылдай бастады Фото ©REUTERS

Астанада iKомек бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерін енді WhatsApp арқылы да қабылдайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада iKомек бірыңғай байланыс орталығы тұрғындардың өтініштерін енді WhatsApp арқылы да қабылдайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

+77471090109 WhatsApp нөміріне Астана тұрғындары ТКШ (су/жылу/эл.энергиясы), қоғамдық көлік, отынмен қамтамасыз ету мәселелері, абаттандыру, ПИК жұмысы, лифт шаруашылықтарының жұмысы, ҚТҚ, тыныштықтың бұзылуы, ашық құдықтар, су басу, қаңғыбас жануарлар, жолдарды жөндеу, БТО, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, сауда және кәсіпкерлік сияқты қала тыныс-тіршілігіне қатысты барлық мәселелері бойынша өтініштерін жолдай алады.

Тұрғындар өз шағымдарын келесідей үлгі бойынша жіберуі тиіс:

Өтініш берушінің деректері, байланыс (кері байланыс үшін), өтініштің мәні, уақыты мен күні, өтінішке (ашық құдықтардың, жиналмаған қардың, рұқсатсыз қоқыс үйіндісінің оналасқан жері және т.б.) қатысты нақты мекенжай.

Қоғамдық көлік мәселелері бойынша хабарлама жібергенде, күнін, уақытын, автобустың бағытын, бағдардың нөмірін, мемлекеттік нөмірін немесе гараждық нөмірін және өтініштің мәнін көрсету керек.

Үлгі бойынша толтырылмаған өтініштер, кіріс қоңыраулар, сонымен қатар дауыстық хабарламалар тіркелмейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети