Астана әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі елордада LRT құрылысы қашан аяқталатынын айтты Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасы алдағы жылдары аяқталатынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың жаңа әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жобасы алдағы жылдары аяқталатынына уәде берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысы аяқталғаннан кейін айтты.

"LRT аяқталады. LRT екі-үш жыл ішінде аяқталады. Қаржыландыруға байланысты", - деді ол.

Сондай-ақ, журналистер шенеуніктен команда өзгеріп-өзгермейтінін сұрады.

"Мен ешкімді әкелмеймін, ешкімді өзгертпеймін", - деді Жеңіс Қасымбек.

Астана әкімі журналистерге жылдың аяғында дейін елорда тұрғындарымен кездесу өткіземін деп уәде берді.

"Осы жылдың аяғында, жыл аяғына дейін кездесемін. Кездесулер басталды, екі күн бұрын үлескерлермен кездестім, мұндай кездесулер күнде өтіп тұрады", - деді Астана әкімі.

Айта кетейік, 8 желтоқсанда Жеңіс Қасымбек Астана әкімі болып тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети