Астаналық парк ертегіге айналады. Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын "құрғақ" субұрқақпен, уақыт өзенімен және басқа да ғажайыптармен тамсантуға уәде берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астаналық парк ертегіге айналады. Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын "құрғақ" субұрқақпен, уақыт өзенімен және басқа да ғажайыптармен тамсантуға уәде берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Павел Кулагин баспасөз қызметіне хабарлағандай, биыл жазда Астана қаласының орталық бағы жаңа кейіпке енеді. Қазіргі уақытта бақта ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бақ алтыға бөлінген: жағажай, орталық аллея, ішінде мозайкасы бар 4 грот композициясы, құрғақ субұрқақ, олимпиадашылар алаңы. "Орталық аллея - Тұран даңғылы жағынан кіретін орталық кіре берісте орналасқан. Қазір сіздер қалалық сағаттың металл конструкциясы қалай орналасқанын көре аласыздар. Мамыр айында сағатты әзірлеуші зауыт елордада болып, монтаждау жұмыстарын бастамақ. Қалалық сағатты ақ мәрмәрмен қаптау жұмыстары аяқталады", - деді П. Кулагин.
Кірудегі топқа қалалық сағат пен 4 грот композициясы жатады. 4 грот - жылдың төрт мезгілі. Қазіргі уақытта Астана қаласының суретшілері осы гроттардың ішінде бейнеленетін мозайкалардың эскиздік жобаларын мақұлдады. Орталық аллеяға сағаттың жанына "құрғақ" субұрқақ қойылмақ. Елордамыз үшін бұл жаңа құбылыс. Субұрқақтың ерекшелігі - оның су арнасы, аққан суы болмайды, гейзерлер плиталардың астынан шығарылады. "Бұл әлемде балалар арасында кеңінен тараған - балалар жүгіріп ойнағанда, су жоғалады, жазда бұл аса өзекті мәселе", - деді П. Кулагин.
Жаңашылдықтың басым бөлігі нақ осы орталық аллеямен байланысты болады, қалғаны ретке келтіріледі, кеспе тастар ауыстырылады және т.б. "Сонымен қатар, бақта уақыт арнасы мен уақыт өзені пайда болады. Арна жермен бірдей деңгейде орналасады, онда күннің көзі түріндегі ыдыстан су ағады, оның осындай символдық мағынасы бар",- дейді шенеунік.
Бұдан басқа, олимпиадашылар алаңында фундамент салу, бөлу және құрылыс жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, олимпиадалық маңызға ие сақиналар мен еліміздегі барлық олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің тізімі беріледі. Бұл аты-жөндері, спорт түрі жазылған құрмет тақтасы сияқты. Қазіргі уақытта оны дұрыс орнату мәселесі қаралып жатыр.
Бүгінде жағажайдың бір бөлігі аяқталды. Жағажай 95 пайызға бітті деуге болады, бірнеше шағын архитектуралық форма ғана қалды. Қазіргі уақытта жағажайдың ақырғы келбетінің қандай болатыны көрініп тұр. Астана қаласы Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Павел Кулагиннің айтуынша, барлық жобалар биыл Елорда күніне дейін аяқталады.