Астана әкімдігі Президенттің спортты дамыту туралы бастамасын жүзеге асыруға кірісті

viewings icon 628 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

27 мамырда Астанада жексенбі күндері таза ауада өткізілетін апта сайынғы жаттығулар маусымы басталады. Биыл алғашқы спорттық жаттығулар Астаналық саябақта ұйымдастырылады. 3 маусымнан бастап осындай жаттығулар Студенттік, Президенттік, Жерұйық және Триатлон парктерде де өтетін болады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

27 мамырда Астанада жексенбі күндері таза ауада өткізілетін апта сайынғы жаттығулар маусымы басталады. Биыл алғашқы спорттық жаттығулар Астаналық саябақта ұйымдастырылады. 3 маусымнан бастап осындай жаттығулар Студенттік, Президенттік, Жерұйық және Триатлон парктерде де өтетін болады. 

Бұған дейін Мемлекет басшысы қазақстандықтардың арасында дене шынықтыру мен салауатты өмір салтын дәріптеуге және спортты дамытуға баса назар аударатынын мәлімдеген болатын. 

"Спортпен шұғылдану адамның денсаулығы мен тәнін шынықтырып қана қоймай, ерік пен табандылықты, жетістікке жетуге деген ұмтылысын, адамгершілік пен рухани қасиеттерін қалыптастырады. Осылайша, мұндай күшті адамдар өмірдің барлық салаларында жетістікке жетеді, сондықтан спортты, дене шынықтыруды дамытуға біздің мемлекет баса назар аударады", - деген еді Нұрсұлтан Назарбаев.


Баршаға арналған тегін жаттығулар Астана қаласының мәдениет және спорт  басқармасы мен осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Биылғы спорттық маусымның ерекшелігі - жексенбі күндері кәсіпқой жаттықтырушылармен өтетін сабақтар таңертең және кешке өткізіледі - сағат 10.00-12.00, сондай-ақ 17:00-19:00.

Сонымен қатар, Астаналық саябақта және Триатлон паркте аптасына үш рет - дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері - сағат 19:30-дан 20:30 дейін сертификатталған нұсқаушылар топтық жүгіру бойынша сабақтар өткізеді.
Fitness Park Astana шарасын өткізу тәжірибесі көрсеткендей, Астана жұртшылығы спортпен шұғылдануға үлкен қызығушылықпен қарайды.

Осыны және елордалықтардың арасында салауатты және белсенді өмір сүру салтын насихаттаудың маңыздылығын ескере отырып, біз биыл жаттығулар бағдарламасын кеңейтіп, жаттығулар өткізілетін саябақтар санын арттыру туралы шешім қабылдадық. Шараның бастым мақсаты - қала тұрғындарының демалысын қызықты және денсаулыққа пайдалы етіп ұйымдастыру, - деп атап өтті Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

Астаналық саябақтағыжексенбілікжаттығуларбағдарламасынаертеңгілікжаттығулар - CrossFit, Zumba, йога, бразилиялық джиу-джитсу және топтық жүгіру кіреді. Кешкі бағдарламаға үстел ойындары (шахмат, дойбы), StreetWorkout, стритбол, топтық жүгіру және балаларға арналған ойын-сауықтар енгізілді.

Президенттік, Студенттік және Жерұйық саябақтарында жексенбі күндері таңертеңнен бастап ниет білдірген жандар CrossFit, Zumba, йога және бразилиялық джиу-джитсу бағыттары бойынша сабақтарға қатысаалады, ал кешкі уақытта Президенттік парктен басқа саябақтарда үстел ойындарын (шахмат, дойбы) ойнау және StreetWorkout-пен жаттығу мүмкіндігі туады. Осы уақытта Президенттік паркте топтық жүгіруден сабақтар өтеді. 

Триатлон паркте жексенбі күндері таңертең және кешке топтық жүгіру мен StreetWorkout сабақтары, сондай-ақ, сағат 10.00-ден 12.00-ге дейін велоспорттан топтық жаттығулар өткізіледі.


Fitness Park Astana апта сайынғы жексенбілік жаттығулары елордалық саябақтарда 27 мамырдан 9 қыркүйекке дейін жалғасады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы
17°C Қазір алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro