Астана әкімдігі Сарайшық көшесінің аты ауысуын түсіндіріп берді

31 Наурыз 2017, 20:09
0
Астана әкімдігі Сарайшық көшесінің аты ауысуын түсіндіріп берді - © development.bi-group.kz
© development.bi-group.kz

Астана әкімдігі Сарайшық көшесінің аты ауысуын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық Тілдерді дамыту басқармасына сілтеме жасап. 

Астанада сол жағалаудағы көшелердің бірінің атын ішінара өзгертті, оған Қайым Мұхамедханов есімі берілді. Елордалық әкімдікте Сарайшық көшесі толығымен өзгермегенін айтады. Тұран ата даңғылынан бастап ол өзінің ескі атымен қалады. "Тұран ата даңғылынан Шыңғыс Айтматов көшесіне дейін Қайым Мұхамедханов болып өзгерді. Бұл жаңа көше, осыған байланысты осындай шешім қабылданды", - деді Тілдерді дамыту басқармасының өкілдері. 

Ал, Яндекс картасын қолданушы кейбір адамдар көшенің аты толығымен өзгеріп жатыр деген ойға келген. 

Айта кетейік, Қайым Мұхамедханов 1916 жылы 5 қаңтарда Семей қаласында туған. Семей педагогика институтының филология факультетін 1941 жылы бітірген. Содан көп жыл әдебиет пәнінің мұғалімі, Абай мұражайының директоры қызметін атқарған, "Абайдың әдебиет мектебі" тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған (1951). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әдебиетке 1930 жылдың орта шенінде келген ол алғашқыда өлең-жырлар, драматургия жанрында бірқатар шығармалар жазды, тәржіме жасаумен де айналысты. Әдебиет зерттеуші ғалым ретінде Абай мұрасының текстологиялық зерттеулеріне мол үлес қосты. 2004 жылы қайтыс болды. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай