Астана әкімдігінде қаланы газдандырудың мерзімі туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Астана әкімдігінде қаланы газдандырудың мерзімі туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру мақсатында қалада "Астананы газдандыру" бойынша мемлекеттік сараптама жүргізу үшін техникалық-экономикалық негіздеме жасалып, "Мемсараптама" РМК республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілді.
"Қорытындыны алудың болжамды мерзімі - 2018 жылдың төртінші тоқсаны. Астана қаласында газ тарату желілерінің құрылысы ТЭН-ге сәйкес үш кезекке бөлінген. Қазіргі уақытта газдандыру процесін жеделдету үшін ТЭН мен әкімдік жобаның 1-rезектің 9 кешенін іске қосу мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде: 1-ші іске қосу кешені - АГРС-1 ден ЖЭО-1 және ЖЭО-3 газ беру қамтамасыз етіледі (су жылытқыш қазандықтар және мазут қазандары); 2-ші іске қосу кешені - АГТС-2 ден ЖЭО-2-ге газ жіберу, (су жылытқыш қазандар); 3-кешен мен 6-кешенге дейін іске қосу Көктал-1, Көктал-2 тұрғын үй алаптарына газ тарату желілері; 7-кешенді іске қосу - Железнодорожный тұрғын алабына газ тарату желісі. 8 және 9-кешенді іске қосу "Оңтүстік Шығыс"тұрғын алабына газ тарату желісі, - деп хабарлады ведомстводағылар.
"ЖСҚ-ның 1-кезекке мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алған соң әкімдік ҚР Бюджет кодексіне сай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне жобаны қаржыландыру үшін қажетті құжаттама бағытталаы. 2- және 3-кезектегі газ тарату желілерінің құрылысын іске асыру мерзімі 2021 мен 2023 жылдарға арналған жергілікті бюджет, республикалық бюджеттің, сондай-ақ, жеке инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асыру жоспарланған", - делінген әкімдіктегілердің хабарламасында.
Ал екінші кезектегі газ тарату желілерінің құрылысын іске асыру жобасы шеңберінде Мичурино, Интернациональный, Күйгенжар, Тельман, Пригородный, Garden Village және Family Village тұрғын алаптарына жеткізілетіні айтылады.