17 тамыз 2017 | 10:32

Астана әкімдігінің өкілдері зарарлы қарбыздар қай жерден анықталғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Астана әкімдігінің өкілдері ішінен зиянкестер табылған қарбыздар қай жерден анықталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімдігінің өкілдері ішінен зиянкестер табылған қарбыздар қай жерден анықталғанын айтып берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Мұның алдында әлеуметтік желіде сарапшылардың қарбыздарды тексеріп, жеуге мүлде жарамсыз екенін көрсетіп жатқан видео тараған болатын. Видеода жарамсыз қарбыздардың Жетісайдан әкелінгені айтылады. Зарарлы қарбыздың жалпы көлемі 35 тонна болған. Кейін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері бұл деректің маусымда тіркелгенін және зиянкестің - қауын шыбыны екенін мәлімдеген еді.  

Астана әкімдігінің баспасөз хатшысының сөзінше, бүлінген қарбыздар "Алаш" базарынан анықталған. 

"Астана әкімдігі 10 маусымда зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде 35 тонна бүлінген қарбызды анықтаған. Бұл өнім Оңтүстік Қазақстан облысынан "Алаш" базарына әкелінген. Қарбыздарды оңтүстікте жиі таралатын қауын шыбыны атты зиянкес бүлдірген. Бұл зиянкестер қарбыз бен қауынды ішінен жейтіндіктен, оларды сыртынан анықтау мүмкін емес", - деп жазыпты Эльвира Жүргенбаева Facebook желісіндегі парақшасына. 

Сонымен бірге, ол зиянкестер табылған бақша өнімдері сатылымға жіберілмей, толықтай жойылғанын да мәлімдеді. Оның үстіне базар аумағында қажетті дезинфекциялық жұмыстар өткізілген. "Қала тұрғындары мен қонақтарын абай болуға және кез келген күмәнді жағдайда бізге хабарласуын сұраймыз", - деп атап өтті Жүргенбаева. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети