Астана әкімінің орынбасары Сергей Хорошуннан пара алды деген күдік алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Ақ жол" партиясының сайтында Бас прокуратураның Азат Перуашевтың депутаттық сауалына берген жауабы жарияланды.

Құжатта 2018 жылдың 19 мамырынан бастап Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің Д. Ахмедьяровтың өтініші бойынша Астана қаласы әкімінің орынбасары Хорошунға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 4-бөлігі бойынша аса ірі мөлшерде пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілгені айтылады.
"Өтініш берушінің болжамына сәйкес, 2014 жылдан 2015 жылға дейін ол Хорошунның талап етуіне байланысты қарамағындағы Кинсенбаев арқылы Астана әкімдігі қызметкері Алпысовадан 500 мың доллар беріп жіберген және "Зере" тұрғын үй кешенінде Алпысованың туыстарына екі пәтер рәсімдеген. Алайда сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында бұл деректер расталмады. Жауап алынғандар пара беру және алу фактілерін жоққа шығарды. Басқа да объектив дәлелдер алынбаған. Сондықтан Сергей Хорошунның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты 9 желтоқсанда қылмыстық өндіріс тоқтатылды", - делінген Бас прокуратураның жауабында.