27 сәуір 2015 | 16:42

Астана ардагерлері бірыңғай форма киетін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана әкімдігінің баспасөз қызметі © Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай елордалық ардагерлер бірыңғай киім формасымен қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай елордалық ардагерлер бірыңғай киім формасымен қамтамасыз етіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, киім жиынтығына сұр түсті костюм, сұр түсті пальто (плащ), ашық көгілдір түсті берет пен галстук, ақ түсті жейде, қара түсті аяқ киім кіреді. Бұдан бөлек, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне бір жолғы материалдық көмек төлеу қарастырылған.

"Бүгінгі таңда барлығы 5 мың адам әлеуметтік көмекпен қамтылды, соның ішінде ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар бар. Сонымен бірге, Жеңіс күніне орай дәрі-дәрмектерге 2577 теңге мөлшерінде бір реттік төлемақы, Ақмола облысы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы Қатаркөл көлінің сол жағалауында орналасқан қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға арналған қалпына келтіру орталығында 50 пайыздық жеңілдікпен санаториялық-курорттық ем алу қарастырылған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мекемеде ұсынылатын қызметтер (14 күн): жатын орны, бекітілген тамақтану нормасына сәйкес күніне 5 рет тамақтану, ЕФК, гидротерапия қызметтері, түрлі ванна процедуралары, мәдени-демалыс қызметтері, емдеу массажы. Қосымша ақылы қызметтер көрсетілуі мүмкін: тұз бөлмесі, фитобөшкелер, сазбен емдеу, парафин-озекериттік емдеу.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети