"Астана" арнасы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуді бірінші болып бастап кетті

11 Қараша, 12:22
0
"Астана" арнасы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өтуді бірінші болып бастап кетті -

"Астана" арнасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өтуді бірінші болып бастап кетті. Арна ұжымы осылайша ұлы ақынның шығармаларын жас ұрпақ бойына сіңіруге, қадір-қасиетін түсіндіруге атсалыспақ.

Сондықтан телеарна ұлттық патриотизм идеясы аясында ұлттық идеологияны дәріптейтін арна ретінде жаңа жобаларды қолға алады.

Телеарна 11 қарашадан бастап жаңа форматты іске қосты. Бүгіннен бастап арнаның стилистикасы өзгерді. Медиа нарықтағы трендке сай арна логотипі мейлінше қарапайым әрі тартымды үлгіге ауысты. Жаңа маусымда арнадағы әр бағдарламаның роликтері хәкім Абайдың шығармашылығымен ұштасып, көрермен назарына ұсынылады.

Мәселен, ASTANA TIMES атауымен жаңа форматта жаңалық тарататын ақпарат қызметінің жұмысы ұлы ақынның "Сегіз аяқ" өлеңімен астарлас. Қоғамда болып жатқанын әр оқиғаны біздің арна тілшілері дерек пен дәйекке сүйеніп жеткізеді.

Сонымен қатар, енді қазақ және орыс тіліндегі жаңалықтар шығарылымы шырайын түрлендіріп, бір уақытта шығатыны айтылады.

"Астана" арнасы халықтық арна ретінде ұстанымдарын өзгертеді. Тұрғындармен кері байланыс орнату мақсатында тікелей эфирде тұрғындарды толғандырып жүрген сұрақтардың жауабын іздейміз. Кез-келген уақытта мәселеңізді айтып, редакцияға хабарласуға мүмкіндік бар. Біздің тілшілер түйіткілдің түйінін тарқату үшін шенеуніктерге тікелей телефон шалады. Бұдан бөлек, "мобильді репортер" айдары ашылады. Қандай да бір оқиғаның куәгері болсаңыз, таспаны "Астана" арнасының WhatsApp немесе әлеуметтік желідегі парақшасына жолдаңыз", - дейді арна өкілдері.

Сондай-ақ, жаңа маусымда "Саяси ринг" ток-шоуының алаңы жаңарып, келелі келіссөздердің көкжиегі кеңейеді. Сарапшылар қоғамда қызу талқыға түскен саяси, әлеуметтік, экономикалық тақырыптарды таразылайды.

"Астана аптасы" әр сенбі, жексенбінің кешінде аптаның айшықты оқиғаларын саралайды.

Бұдан бөлек, көңілді бағдарламалардың көкжиегі кеңейеді. Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов "Қызық болған" шоуына өнер адамдарын шақырып, әзілдің әлеміне саяхат жасайды. Телеарна алдағы уақытта әлеуметтік жағынан аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға қол ұшын созбақ. Осы мақсатта 1 наурыз "Алғыс айту күніне" орай қайырымдылық концерті өтеді. Шарадан түскен қаржы мұқтаж жандардың қажетіне жұмсалады. "Жыл таңдауы-2019" ұлттық телевизиялық музыкалық жүлдесін енді "Астана" арнасы көрсетеді.

Еліміздің жарқын жұлдыздарын бір сахнада тоғыстыратын шара "Алматы Арена" спорт кешенінде 1 желтоқсан күні өтеді.

Сонымен қатар, көрерменнің сұрауы бойынша отандық телехикаялардың жаңа желісін ұсына отырып, талабы биік, талғамы зор көрермен назарына аты әлемге мәшһүр WARNER BROS.PICTURES кинокомпаниясы мен Кеңес киносының алтын қорына енген кино туындылар мен түріктің үздік үштігіне енген телесериалдар жол тартады.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай