Астана аспанында әскери ұшақтар байқалды. Қорғаныс министрлігі пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары қала үстінен ұшқан әскери ұшақтарды байқады. Қорғаныс министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін елорда тұрғындары мен қонақтары қала үстінен ұшқан әскери ұшақтарды байқады. Қорғаныс министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде астаналықтар видеолар мен суреттерді бөлісіп жатыр. Мысалы, мына видеодан қатар ұшқан 6 әскери ұшақ көрсетілген.

Қорғаныс министрлігі мәліметінше, 2024 жылғы 3-4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитін өткізу кезінде Астанада әуе кеңістігін күзету күшейтілетін болады.

"Осыған байланысты 28 маусым мен 1 шілде аралығында Қарулы күштер авиациясының ұшу қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес жаттығу ұшулары өткізіледі. Астана тұрғындары мен қонақтарынан өткізілетін іс-шараларға түсінікпен қарауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 491.9  course up  582.69  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети