Астана аспанында белгісіз жарық байқалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астаналықтар аспандағы "жарқыраған нысанды" видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналықтар аспандағы "жарқыраған нысанды" видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше түнде Астана тұрғындары аспанда байқалған жұмбақ жарықты видеоға түсіріп алған. Бұл видео әлеуметтік желіде тарады.

Tengrinews.kz тілшісімен пікір бөліскен Astro Astana жобасының негізін қалаушы, әуесқой астроном Артур Гайдук видеоның шынайылығына күмәнмен қарайды. Оның ойынша, бұл – әлеуметтік желілердегі назар аударту үшін жасалған монтаж болуы мүмкін.

"Қазіргі жасанды интеллект пен бейнемонтаж мүмкіндіктерімен неше түрлі нәрсе жасауға болады. Егер өзім немесе сенімді таныстарым көрген болса – басқа әңгіме. Ал мұндай видеолар, әсіресе әлеуметтік желілерде тараса, олардың шынайылығына онша сене бермеймін.

Мұндай видеолар хайп, пікір белсенділігі, парақшаларға жазылу үшін жасалады. Менің алғашқы әсерім – осы. Оның үстіне, ондай нысан радарлар мен бақылау құралдарынан жасырын өте алмайды. Қаланың үстінде барлық нысандар мен ұшақтар жіті бақылауда", – деді Гайдук.

Тағы бір пікірді әуесқой астроном Мұрат Сиеубаев білдірді.

"Бұл ғимараттардың архитектуралық жарықтандыруынан болуы мүмкін. Жарық төменгі бұлт қабатына проекцияланады. Жарық пен көлеңкенің ойыны", – дейді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети