"Астана" - "Атлетико" матчы кезінде елордада жол қозғалысы шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана" - "Атлетико" матчы кезінде елордада жол қозғалысы шектеледі © Tengrinews.kz

3 қарашада елордада өтетін "Астана" - "Атлетико" матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 қарашада елордада өтетін "Астана" - "Атлетико" матчы кезінде жол қозғалысы шектеледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 қарашада сағат 21:00-ден бастап матч аяқталғанға дейін қоғамдық көлік пен такси қызметінен басқа көліктер үшін Қабанбай батыр даңғылы мен Тұран көшесінде (Керей-Жәнібек хандар және Хусейн мен Талал көшелерінің қиылысы аралығы) жол қозғалысы шектеледі. Ұсынылатын айналма жол - Орынбор көшесі", - деп жазылған әкімдік таратқан баспасөз хабарламасында.

Астана қаласының ІІД хабарлауынша, көрермендер үшін шаттл-автобустар ұйымдастырылады. Матчтың соңында тұрғындарды автобустар бастапқы орынға жеткізеді. 

Жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де автобустар көрермендерді келесі мекенжай бойынша  жинап алады: Мұңайтпасов атындағы стадион,  "Қазақстан" спорт сарайы,  "Нұр Астана" мешіті, Қабанбай батыр көшесі бойындағы елордалық цирк, Жеңіс даңғылы бойындағы "Жастар" театры және "Салтанат сарайы".

Айта кетейік, "Астана" ФК баспасөз қызметі қазірге дейін матчты тамашалауға 17 мыңнан аса билеттің сатылғанын хабарлады. Әзірге билеттер тек онлайн режимде сатылып жатыр. Билеттерді www.ticketon.kz, www.sports.kz, www.vesti.kz сайттарынан алуға болады.

Онлайн режимде билетті сатып ала отырып, көрермен  QR-коды бар электрондық билетті ала алады. Осы код арқылы қаланың үш мекенжайы бойынша билеттерді шығарып алу мүмкіндігі қарастырылған: "Мега" ОСО, "Қазақстан" спорт сарайы, Конгресс-холл.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети