Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Астана әуежайында 10 рейс кешіктірілді

11 Наурыз 2015, 13:19
0
©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында 10 рейс кешіктірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана әуежайының сайтындағы онлайн-табло бойынша, 10 рейс кешіктіріліп, 1 рейс тоқтатылды. Маркетинг пен қомағаммен байланыс бөлімінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әуежайында үш рейс кейінге қалдырылып, ұшып келуі тиіс 1 рейс пен ұшып кетуі тиіс үш рейс тоқтатылды. "Қазіргі таңда Астана әуежайындағы ауа температура -3 градус, тігінен көру - 360 метр, желдің екпіні мен жылдамдығы секундына 12 метр, күн ала бұлтты. Астана әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады әуежайдағылар.

Маркетинг пен қоғаммен байланыс бөлімі мамандарының мәліметінше, ұшып келуі тиіс мына рейстер кешіктірілді: China Southern Airlines әуе компаниясының Үрімші қаласынан рейсі (кесте бойынша сағат 09.05-те, 14.05-ке дейін кешікті), Scat әуе компаниясының Атыраудан шығатын рейсі бір сағатқа, "Жетісу" әуе компаниясының Талдықорғаннан рейсі 2 сағатқа кешікті. Air Astana әуе компаниясының Франкфурттан шығатын рейсі тоқтатылды (кесте бойынша сағат 05.45-те).

Ақтөбеге ұшуы тиіс болған "Бек Эйр" әуе компаниясының бір рейсі сағат 11.30-ға дейін кешіктірілді (кесте бойынша сағат 09.25-те), "Трансаэро" әуе компаниясының Мәскеуге дейінгі бір рейсі (6 сағат 35 минутқа кешіктірілді), China Southern Airlines әуе компаниясының Үрімшіге дейінгі рейсі 5 сағат 5 минутқа кешіктірілді. Сонымен қатар, сайттың мәліметінше, қазіргі таңда Air Astana әуе компаниясының Бішкектен және Etihad Air-дің из Абу-Дабиден, сондай-ақ SCAT әуе компаниясының Семейге ұшып кетуі тиіс болған рейсі кешіктірілді.

Еске сала кетейік, Қазақстанда таяу күндері боран соғып, тұманның түсетіні хабарланған болатын. Қазақстанның басым аумағында қар жауды. Еліміздің бірқатар облысында көлік жолдары жабылды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай