Астана-Алматы рейсінің жолаушысы қолында бомба барын әзілдеп айтқан. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы елорда әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана-Алматы рейсінің жолаушысы қолында бомба барын әзілдеп айтқан. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы елорда әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандықтың жарылғыш зат бар екендігі туралы мәлімдемесі рейске тіркелу кезінде әзіл ретінде айтылғаны анықталды.
"Астана әуежайында Астана-Алматы рейсіне тіркелу кезінде қазақстандық әзілдеп қолында бомба барын айтқан. Осы ақпарат негізінде елорда әуежайының авиациялық қауіпсіздік қызметі дабылды ескерту жариялады. Осылайша, АҚҚ құқық қорғау органдарымен бірлесіп әуежай аумағында күдікті заттардың бар-жоғын тексеруге мәжбүр болды", - делінген хабарламада.
"Әзілкешке" қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау") бойынша іс қозғалды.
"Айта кету керек, мұндай шаралар Астана әуежайының ғана ісі емес, әлемдік тәжірибедегі жағдайларға негізделген қауіпсіздік стандарты. АҚҚ қазақстандықтарды өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ, қауіпсіздік ережелерімен алдын ала танысуға шақырды. Қол жүгі мен жүк салғыш бөлімінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың тізбесімен алдын ала танысыңыз", - деді толықтырды елорда әуежай өкілдері
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!