Астана әуежайының жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайының жаңа терминалы алғашқы халықаралық рейсті қабылдады © әуежайдың баспасөз қызметінен

Бүгін Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы "Аэрофлот" әуе компаниясының Мәскеу-Астана рейсімен келген алғашқы жолаушыларды қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Астана халықаралық әуежайының жаңа терминалы "Аэрофлот" әуе компаниясының Мәскеу-Астана рейсімен келген алғашқы жолаушыларды қабылдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бүгін халықаралық бағдарларға Ташкентке ("Өзбек әуежолы") және Франкфуртке (Lufthansa) ұшақтар жіберу жоспарланған.

"Барлығы Астана әуежайының жаңа терминалының ашылуын күтті. Міне, енді біз халықаралық әуежай арқылы жолаушыларды күтіп алып, шығарып салуды бастадық", - дейді Астана халықаралық әуежайының Басқарма төрағасы Паоло Ричиотти.

Ричиоттидің сөзінше, әуежай командасы қысқа уақытта жобаны жүзеге асырды. Астана әуежайын дамыту жобасы әлемнің ірі қалаларымен жалғастыратын басты байланыс желісі - Орта Азия өңірінің аймақтық хабы болып табылады.

Берлиннен Мәскеу арқылы әуежайдан түскен Шаповаловтар отбасы құжаттарды тексеру мен жүктерді қабылдау жедел атқарылғандығына ризашылығын білдірді.

 "Маған жаңа терминал өте ұнады. Халықаралық стандартқа сай келеді", - дейді жолаушылардың бірі Регина Шевалье

Еске салайық, Астана халықаралық әуежайдың жаңа терминалы Мемлекет басшысының қатысуымен биылғы жылы 31 мамырда ашылды. Замануи терминалының құрылысы 2014 жылғы қарашада басталып, 2017 жылы мамырда аяқталды. Жаңа терминалдың аумағы 47000 шаршы метр, жылына 8,2 миллион жолаушыны өткізеді. Терминал әуежайдың өткізу қабілетін 2,5 есеге арттырған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети