Астана әуежайын италиялық азамат басқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайын италиялық азамат басқарады © Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайын италиялық азамат басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайын италиялық азамат басқарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Airport Management Group басқарма компаниясының шешімімен "Астана халықаралық әуежайы" АҚ төрағасы болып Паоло Ричиотти тағайындалды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Италия азаматы Паоло Ричиотти өзінің еңбек жолын 1974 жылы NigeriaAirways Ltd (Рим, Италия) әуе компаниясында бастаған. Азаматтық авиация саласында қызмет етіп жүрген кезде Ричиотти халықаралық класстағы жоғары білікті маман ретінде өзін көрсетіп, кәсіби маман ретінде барлық кезеңнен өткен: қатардағы менеджерден әйгілі CathayPacificAirways, SEAAaerportiMilano, SEAHandlingSpa, AstraAirCharter сияқты әуе компанияларында басшы қызметіне дейін.

2012 жылдан 2015 жылға дейін ол Air Astana әуе компаниясында жұмыс істеген. 

"Біз Паоло Ричиотти мен Airport Management Group компаниясының әлемдік тәжірибелер мен технологияларды енгізу, трафиктерді көбейту, қызмет көрсету жүйесін жақсарту мен ұшу кезінде қауіпсіздікпен қамтамасыз ету сияқты алға қойған мақсаттары Астана әуежайын Еуразиядағы жетекші әуежайлардың бірі болуына көмектеседі деп сенеміз", - деді Airport Management Group компаниясы басқармасындағылар.

Айта кетейік, Астана әуежайының бұрынғы басшысы Қайрат Жауханов былтыр тамыз айында өз еркімен кеткен болатын.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети