Астана әуежайының автотұрағы қоршауға алынды - куәгер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайының автотұрағы қоршауға алынды - куәгер © Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайының көлік қоятын орны қошауға алынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әуежайының көлік қоятын орны қошауға алынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады.

"Мен көлік қоятын орынға келдім. Онда құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды. Мен кетіп қалдым, 10 минуттан кейін көлігімді қойған жердің қоршауға алынғанын байқадым. Қоршауға алынған жердің ортасында сөмкенің жатқанын көрдім", - деді Астана тұрғыны. Сонымен қатар, ол құқық қорғау органдары қызметкерлерінің көлікті алып кетуін сұрағанын айтты. Айта кетейік, бұл мәселе жөнінде уәкілетті органдардан ресми хабарлама келген жоқ.

Еске салайық, бұған дейін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков тұрғындарды дүрлігуге жол бермеуге шақырған болатын. Астана қаласының Терроризмге қарсы комиссиясының кезектен тыс отырысы барысында ол 5-6 маусымда Ақтөбе облысының аумағында болған оқиғаларға байланысты террористік сипаттағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті ел аумағында 40 тәулікке террористік қауіптіліктің бірқалыпты "сары" деңгейі белгіленгенін айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети