Астана автобустарында тегін Wi-Fi пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана автобустарында тегін Wi-Fi пайда болды "Астана LRT" баспасөз қызметі

Астана тұрғындары қалалық автобустарында тегін Wi-Fi қызметіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана тұрғындары қалалық автобустарында тегін Wi-Fi қызметіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана LRT" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана күні мерекесінің қарсаңында қоғамдық көліктерді тегін интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі WiFi Bus Astana жобасының ресми таныстырылымы өтті. 

Бастаманы Beeline Қазақстан Астана әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырып отыр. Жобаға "Астана LRT" ЖШС елорданың көлік инфрақұрылымының даму операторы мен "Астана Innоvations" АҚ инновациялық даму операторы серіктес болды.

Бастама көтергендердің айтуынша, Интернетке қосылу үшін бар болғаны Wi-Fi қызметін ұсына алатын смартфон қажет. "Бір сессия 15-тен 30 минутқа дейін созылады. Жолаушы бір нүктеден екінші нүктеге бару үшін қанша уақыт жұмсайды. Автобус салондарында интернетке қосылуға арналған нұсқау қарастырылған. Уақыт келе жүктеуге арналған трафикті шектеу мен құқыққа қайшы контенті бар ресурстарды құлыптау бойынша жұмыстар жоспарланып отыр", - делінген "Астана LRT" баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қалалық автобустардың барлығына интернет орнату мақсатында қойылатын құрылғылармен "Астана LRT" ЖШС айналысты. 100 автобусқа жабдықтар Beeline ("Кар-Тел" ЖШС) және "Астана Innovations" АҚ ұялы байланыс операторларымен бірігіп, үшжақты келісім бойынша қойылды.

Wi-fi bus жобасы 2013 жылы сәтті жүзеге аса бастады. Содан бері Қазақстанның сегіз қаласында Wi-Fi қызметі бар 200 автобус қызмет етіп келеді - Қостанай, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Петропавл, Түркістан, Орал және Алматы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети