Астана автобустарының жүргізушілері психологиялық тренингтерден өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана автобустарының жүргізушілері психологиялық тренингтерден өтеді Сурет tengrinews.kz сайтынан

2014 жылдың сәуір айынан бастап Астанада жолаушылар көлігі жүргізушілерінің біліктілігін арттыру орталығы жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. "Астанада жолаушылар көлігін жүргізушілерді оқыту және біліктілігін арттырудың жаңа орталығы ашылады", – делінген хабарламада. Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, бүгінде елордадағы қоғамдық көліктерде 2500 жүргізуші мен кондуктор жұмыс істейді, қызметкер тапшылығы 700 адамды құрайды. "Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, алдағы уақытта көлік жүргізушілерді оқыту және біліктіліктерін арттыру жөнінде жаңа орталық ашамыз. Ол негізінен психологиялық тренингтерден тұрады. Яғни, жүргізушіні өзіміз сатып алатын симуляторға жібермес бұрын, оларды тестілеуден өткізетін боламыз", – деді қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов. Оның айтуынша, оқыту бағдарламасы 80 сағатты құрайды. "Оның басым бөлігі нақты мына психологиялық ахуалдарға арналады: адам өзін қалай ұстайды, оған автобусқа отыруға бола ма, әлде ол тек механик болуға ғана жарай ма? Осының бәрі енгізіледі", – деді Аманжолов. Әрі ол 2014 жылы ай сайын 80 адамды оқыту жоспарланып отырғанын да тілге тиек етті. Осы ретте айта кетейік, Астанада тәулік бойы 670 мың жолаушыны тасымалдайтын сегіз автопарк, 941 автобус жұмыс істейді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети