“Астана Банкінің“ бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Астана Банкінің“ бұрынғы басшысы сырттай 10 жылға сотталды видео кадры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров "Астана Банкінің" бұрынғы басшылығына қатысты іс бойынша жаңа мәліметтерді хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаров "Астана Банкінің" бұрынғы басшылығына қатысты іс бойынша жаңа мәліметтерді хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Брифинг барысында Биғайдаров "Астана Банкі" АҚ бұрынғы топ-менеджменті мен қызметкерлеріне қатысты үкім 2025 жылғы 22 сәуірде елорданың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқылғанын айтты.

"Сот "Астана Банкі" АҚ директорлар кеңесінің экс-төрағасы әрі ірі акционері Олжас Тохтаровты агенттік қызметтер көрсету түрінде ұрлық жасағаны және банкроттық алдындағы кезеңде Алматыдағы бизнес-орталықты бағынышты компаниялардың пайдасына заңсыз иеліктен шығарғаны үшін кінәлі деп таныды", – деді Биғайдаров Антикордағы брифингте.

Оның айтуынша, Тохтаров сырттай 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Оған жалпы сомасы 14 миллиард теңгеден асатын тұрғын, әкімшілік, өндірістік нысандар, құрылыстар, жер учаскелері, бағалы қағаздар мен криптовалюталар түріндегі мүлкін тәркілеу үкімі шығарылған.

Еске салайық, былтырғы қыркүйекте Антикор бұрынғы акционер Олжас Тохтаровты тергеуге шақырған болатын.

Ведомство сол кезде күдікті Тохтаров 2024 жылғы 26 қыркүйекте Астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына келуі керек екенін мәлімдеген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети