Астанадағы "Сапа" құрылыс базарында терроризмнің жолын кесу үйретіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанадағы "Сапа" құрылыс базарында терроризмнің жолын кесу үйретіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, терроризмнің жолын кесу және оның салдарын жою жедел-тактикалық оқыту шарасы бүгін сағат 17.00 - 19.00 аралығында "Сапа" құрылыс базарында (Жиенқұлов көшесі бойында) елордалық терроризммен күрес жедел штабымен жүргізіледі.
"Оқытудың мақсаты - терроризмге тап болған субъектілердің және мемлекеттік огандардың ведомствоаралық іс-әрекетін жүзеге асыру, сонымен қатар, терроризм кезінде жарылғыш затты қолдану және тартып алу бойынша әскери-қызметтік Штабтың дайындығын бағалау", - делінген хабарламада.
Оқыту түрлі әскери шарттарға толы әрі элементтері өте қиын. Оқыту кезінде Жиенқұлов көшесінде автомобиль қозғалысына шектеу қойылады.