Velocity.kz қоғамдық қорының басшысы Алмагүл Қасымова елордадағы Astana Bike велопрокаты бағасының көтерілуі сервис қызметіне кететін шығындармен, сондай-ақ, жеңілдіктердің енгізілуімен байланысты екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2017 жылы Астанадағы велопрокаттың абоненттік төлемі екі есеге өсіп, 10 мың теңгеге жеткен. Ұйымдастырушылардың айтуынша, абоненттік төлем енді тек студенттерге, зейнеткерлерге және III топтағы мүгедектерге 5 000 теңге болады.
Алмагүл Қасымованың айтуынша, компания қазіргі уақытта қоғамдық қор болып саналады. Коммерциялық жұмыспен айналыспайды және түскен ақшаның барлығы велопаркты дамытуға және халықтың осал топтарына жеңілдік жасауға жұмсалады. Айта кетейік, қазіргі уақытта Astana Bike жүйесінде 1 000 велосипед бар.