Астана экономикалық жағдайы бойынша Мадридпен және Барселонамен теңесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин кезектен тыс мәслихат сессиясында хабарлады.
Астана экономикалық жағдайы бойынша Мадридпен және Барселонамен теңесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Андрей Лукин кезектен тыс мәслихат сессиясында хабарлады.
Андрей Лукин 2015 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді. Ол 2015 жылы жылдық инвестицияның көлемі 1,5 есе өскенін, яғни 397 миллиард теңгеден 773 миллиард теңгеге дейін жеткенін айтты. Ал жеке шаруашылық субъектілерінің үлесі 2010 жылы 26 пайыздан 55 пайызға дейін жетті.
Оның айтуынша, мемлекеттік бюджеттің шығындары 59 пайыздан 30 пайызға дейін қысқарды.
"Біз 2012 жылдан бері Moody's агенттігімен жұмыс істеп жатырмыз. Биыл елорда инвесторлар үшін Астана ВаЗ деңгейіндегі рейтингті растады. Ол республикалық деңгейден бір сатыға төмен болатын. Мысалы бұл рейтингте Барселона, Ыстамбұл, Мадрид және тағы да басқа қалалар бар", - деді Лукин.
Әкім орынбасарының айтуынша, 2011-2015 жылдарға арналған елорданы дамыту бағдарламасының қорытындысы бойынша, Астана Қазақстанның басқа өңірлері ішінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жағынан көшбасшы орында тұр.
"Бағдарламаны бес жыл бойы жүзеге асыру барысында облыстық жалпы өнімнің көлемі 1,6 есе өскен, яғни 2010 жылы 1 триллион 800 миллион теңге болса, 2015 жылы 4 триллион 600 миллиард теңгеге дейін жеткен. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша, елорданың экономикалық жағдайы 106,3 пайызға өсті. Сонымен қатар, Астананың жалпы үлесі 8 пайыздан 11 пайызға дейін артқан. Өнеркәсіптік өндірістің көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 1,4 есе, яғни 111 миллиард теңгеден 348 миллиард теңгеге дейін өскен", - деп қорытындылады сөзін Лукин.