12 қазан 2016 | 15:18

"Астана ЭКСПО-2017" National Geographic-пен бірге арнайы жобаны іске асырып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана ЭКСПО-2017" National Geographic-пен бірге арнайы жоба жүзеге асыруда. Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының Ілгерілету және туризм департаментінің директор орынбасары Роза Асанбаева, National Geographic Traveler бас редакторы Ольга Яковина және Ілгерілету және туризм департаментінің бас менеджері Даниель Сержанұлының қатысуымен болған баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлйды Тengrinews.kz тілшісі "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Қоғаммен байаныс департаментіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

"Халықаралық National Geographic Travel Awards жүлдесі туризм саласының өзіндік Оскары болып табылады. Биыл жүлде серіктесі Қазақстан, ЭКСПО-2017 атанды. Қазақстан бүгінде мейлінше әлеуеті зор бағыт. Оған деген қызығушылық күн арта өсуде. Сондықтан біз халықаралық, ресейлік туризм мен саяхат туралы жетекші басылым ретінде оған назар аудармай тұра алмадық", - деді өз сөзінде "National Geographic Traveler" бас редакторы Ольга Яковина.

Арнайы жоба екі байқауды қосады. Бірі - "Қазақстан - жаңа ашылым уақыты", екіншісі - "Қазақстан - болашақ энергиясы".

"Қазақстан - жаңа ашылым уақыты» маршруттар байқауы 8 қыркүйек пен 6 қараша аралығында өткізілуде. Қатысамын деушілер nat-geo.ru Қазақстанның көрікті жерлері туралы өз оқиғаларын жолдауларына болады. Қазіргі күннің өзінде 26 өтінім берілді. Бас жүлде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне жолдама алады. Әрі ол 17 қараша күні Міскеу қаласында өткізілетін National Geographic Traveler Awards 2016 салтанатты шарасында табыс етіледі.

"Қазақстан - болашақ энергиясы" фотобайқауы 28 қыркүйекте басталып, 28 қазанға дейін өткізіледі. Оған да қатысамын деушілер nat-geo.ru сайтына Қазақстанның суреттерін жолдауы тиіс. Байқау әділқазылары ең үздік жұмыс иелерін 1 қараша күні атайтын болады. Жеңімпаздың еңбегі National Geographic-тің әлеуметтік желілерінде орналастырылады. Сондай-ақ жеңімпаз National Geographic командасы және шеф-фотограф Андрей Каменевпен бірге 2017 жылдың мамыр айында Қазақстанға фотоэкспедицияға бара алады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети