16 тамыз 2017 | 15:25

"Астана ЭКСПО-2017" өкілдері көрмені қарашаға дейін созу туралы ұсынысқа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана ЭКСПО-2017" "ҰҚ" АҚ өкілдері көрмені 1 қарашаға дейін созу туралы ұсынысқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Астана ЭКСПО-2017" "ҰҚ" АҚ өкілдері көрмені 1 қарашаға дейін созу туралы ұсынысқа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз кеше олармен (туроператорлар ассоциациясымен - автор.) хабарластық. Олардың ынтасын түсініп отырмыз. Компаниялары қазір жақсы табыс тауып жатыр. (...) Бірақ EXP көрмесі Халықаралық көрмелер бюросының регламенті бойынша жұмыс істейді, яғни, мамандандырылған көрмелер үш айға ғана созылады. Бұл біздің елордалық кәсіпкерлерден ұсынысынан бас тартуымыздың бірінші себебі. Екіншіден, халықаралық көрменің қатысушылары. Өздеріңіз түсініп отырған шығарсыздар, олардың да уақыты тығыз және бюджеттері де белгіленіп қойған. Сәйкесінше, көрме қатысушыларына да бұл үлкен қиындық туғызады", - деді  "Астана ЭКСПО-2017" "ҰҚ" АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Сергей Куянов.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстандық туроператорлар Есімовтен EXPO-2017 көрмесін қарашаға дейін созуды сұраған болатын. Петиция авторларының айтуынша, туроператорлар мен туристік қоғамдастықтарда алғаш рет ішкі және сыртқы туризмнің арқасында жақсы табыс табуға мүмкіндік туды.

Сондай-ақ, кеше, 15 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Ахметжан Есімовпен EXPO-2017 көрмесін талқылаған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети