22 маусым 2015 | 21:00

"Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясында қайта ұйымдастыру болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Астана қаласы әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша компанияның жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласы әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша компанияның жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақсыбеков компания ұжымына басқарма төрағасының жаңа орынбасары Марлен Жакежановты таныстырды. Ол заңгерлік департамент, тәуекел менеджменті және корпоративтік басқару, бухгалтерлік есеп және есептілік, экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің жұмыстарына жетекшілік ететін болады.

Ұйымның жаңа құрылымына сәйкес, басқарма төрағасының орынбасары Владимир Лютовтың міндетіне сәулет, құрылыс, қауіпсіздік, жаңа технологиялар және IT мәселелері кіреді. Сатып алулар, нысандарды пайдалану және операциялық қызметтерге басқарма төрағасының орынбасары Алмас Жаманбеков жауап береді. Басқарма төрағасының орынбасары Вера Кобалия көрмені жұртшылық арасында кеңінен таныту, халықаралық қатысушылар мен туристерді тарту, коммерцияландыру және демеушілік, контет және көрмеден кейін нысандарды пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

Александр Суворов өз еркі бойынша басқарма төрағасы орынбасарының қызметінен босатылды.

Біріктірілген бірқатар құрылымдық бөлімшелерді есептемегенде, ұлттық компанияның департаменттері өзгеріссіз қалдырылды.

Сондай-ақ, аппараттық мәжіліс шеңберінде көрмені жұртшылық арасында кеңінен таныту, Тіркеу құжаттамасына сәйкес демеушілерді тарту, халықаралық қатысушылармен келісім-шарттар жасасу, Елбасының тапсырмасы аясында корпоративтік қатысушыларды - әлемдік брендтерді, инновациялық "жасыл" технологиялардың көшбасшыларын тарту және жергілікті мазмұнды қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Еске сала кетейік, 11 маусымда Талғат Ермегияев Мемлекет Басшысының Өкімімен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы қызметінен босатылды. Өкім Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Бұл қызметке Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келді. Ермегияев қызметінен босатылғаннан екі күн өткеннен оның қамауға алынғаны белгілі болды. Оның мүліктеріне тыйым салынды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети