"Астана - ЭКСПО" компаниясындағы жымқыру туралы қылмыстық істің материалдары 500 томнан асты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана - ЭКСПО" компаниясындағы жымқыру туралы қылмыстық істің материалдары 500 томнан асты © Тұрар Қазанғапов

"Астана - ЭКСПО" компаниясындағы жымқыру туралы қылмыстық істің материалдары 500 томнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін республиканың бас прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлім етті. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана - ЭКСПО" компаниясындағы жымқыру туралы қылмыстық істің материалдары 500 томнан асты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін республиканың бас прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Исаев мәлім етті. 

"Қылмыстық іс прокурорға әлі жетпеді. Танысу процессі тергеудің аяқталғанын білдіреді, күдіктілер қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. Осы іс бойынша тергеу материалдары 500 томнан асты. Күдіктілердің құқығын бұзбау мақсатында танысу уақытын біз шектей алмаймыз. Егер күдіктілер таныспаса, уақытты қасақана созып жатса, заң қылмыстық істің материалдарымен танысудың кестесін бекітуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта танысу қалыпты уақытта өтіп жатыр, бірақ оның қанша уақытқа созылатынын болжай алмаймын", - деді бас прокурордың орынбасары. 

Еске салайық, осыған дейін Антикоррупциялық ведомствоның басшысы Қайрат Қожамжаров "Астана ЭКСПО" компаниясынан 10 миллиард теңгенің ұрланғанын хабарлаған еді. Бюджет қаражатын жымқырды деп "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының экс-басшысы Талғат Ермегияев айыпталып отыр. Биылғы жазда оған айыптар тағылған болатын. Қазіргі уақытта ол үй қамауында қылмыстық істің материалдарымен танысып жатыр. 

Ермегиеявпен қатар "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басқарушы директоры Суламбек Баркинхоев пен "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы жетекшісі Қажымұрат Үсенов те айыпталып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети