"Астана ЭКСПО" Ұлттық компаниясында жалақы 150 миллион теңгеге қысқарды

"Астана ЭКСПО" Ұлттық компаниясында жұмысшылардың жалақысы 150 миллион теңгеге қысқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компания баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әлішер Пірметовтің айтуынша, жалақының жылдық қоры шамамен 150 миллион теңгеге қысқарды", - делінген таралған хабарламада.

Сонымен қатар, ұлттық компанияның басқарушы құрамы қысқарды. Компания басшысы Ахметжан Есімовтың айтуынша, "Астана ЭКСПО-2017" компаниясының қазіргі құрамы жеңілірек әрі функциялардың қайталануын болдырмайды және көпбаспалдақтықты қысқартады. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, осыған дейін компанияның бұрынғы топ-менеджерлерінің бірі Вера Кобалия төраға орынбасарының қызметіне айына 1,2 миллион теңге көлемінде жалақы алып тұрғанын айтқан болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news3
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама