Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Вера Кобалия "Астана Экспо-2017"-дан кету себебін және ондағы жалақысының мөлшерін айтты

20 Шілде 2015, 20:01
0
Вера Кобалия. Фото © REUTERS
Вера Кобалия. Фото © REUTERS

"Астана Экспо-2017" төрағасының бұрынғы орынбасары Вера Кобалия Tengrinews.kz тілшісіне берген экслюзив сұхбатында өзінің жалақысы қанша екені, жұмыстан кету себебі және Канададағы түнгі клубтардың біріндегі биі жайлы пікір білдірді. Вера Кобалия қазіргі уақытта Батуми жағалауында отбасымен бірге демалыста, ал ертең ол Польшаға ұшып кетеді, осы елдің астанасында ол мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде дәріс өткізбекші. Біз онымен Skype арқылы хабарласа алдық.

Вера Кобалия Астанаға жұмысқа өзін ұлттық компанияның экс-төрағасы Талғат Ермегияевтің шақырғанын айтып берді. Бұл шақыртуды ол бірден қабылдамаған, өйткені ол елімізге отбасымен бірге көшіп келуі керек болған. Вера Кобалия күйеуімен бірге екі жасар қыздарын тәрбиелеп жатыр.

"Қазақстанда менімен бірге Грузиядан келген көптеген саясаткер жұмыс істейді. Мәселен, Грузияның бұрынғы премьер-министрі, оның кезінде мен экономика министрі болдым, Николоз Гилаури. Сондықтан телефон соғып, мені Қазақстанға шақырғандарына мен таңғалмадым (...) Маған Ермегияев хабарласты. Астанаға ұшып келгеннен кейін екінші күні алдағы әріптестігіміз үшін алғыстарын айтты. Әрине, ұлттық компанияда жалақы барлық орынбасарларда бірдей - мен 1,2 миллион теңге алып жүрдім", - деді Кобалия.

Грузин маманының міндетіне жобаны халықаралық аренада дамыту және республика сыртқы істер министрлігімен бірге елдерді тарту сияқты істер кірген. Кобалия Астанада үш ай ғана болыпты. Айтуынша, осыншалықты аз уақытта ойлаған дүниесін іске асырып үлгермеді.

"Мен келгенде өзім үшін түсініксіз болған жайттарға тап болдым. Мәселен, ұлттық компанияда күшті непотизм болды және әлі де бар. Мен үшін ең қиыны адамдардың "Астана Экспо-2017" компаниясына орналасу және шығу процесі болды. Мұндай жағдайдың барлық жерде болатынын және таңғалмауым керек екенін айтқандар болды... Мен бұрынғы менеджменттен де, жаңа менеджменттен де менің командамның күшті болуын сұрадым. Оның айтуынша, жұмыстан кету туралы арызға қол ешқандай да келіссөздерсіз, тез қойылған. Алайда ол басшылыққа өкпелемейтінін атап өтті. Десе де ол Талғат Ермегияевтің басындағы жағдайдан жағымсыз әсерде болғанын айтты.

Сонымен қатар, ол Канаданың түнгі клубтарының біріндегі даулы биі жайлы пікір білдірді. Вера Кобалияның суреттері Интернетке таралып, түрлі қауесет сөздердің себебі болды. "Мені министр етіп тағайындаған кезде (Грузияның экономика министрі қызметі - Авт.), көптеген мәлімет жүріп жатты, негатив пен тексерілмеген мәлімет (...), мен тіпті шағын бір газетте шыққан ақпаратқа назар аудармадым, - дейді Кобалия. - Бірақ саясатта жұмыс істеп жатқан адамның мұндай жарияланымдарға назар аудармауы керек екенін түсінуі керек. Сурет менің студент кезімде түсірілді, біз барлық жас қыздар секілді клубқа баратынбыз, көңіл көтеретінбіз. Менің саяси мансап жолымда тілшілер клубтағы суреттерімді ғана тауып жатса, бұл түкке де тұрғысыз нәрсе деп ойлаймын. Бұл тіпті жақсы көрсеткіш болуы мүмкін", - деді ол. Сонымен бірге, ол қазақстандық тілшілерден мұндай жарияланымдарды күтпегенін жасырмады. Себебі ол үшін Ресейде сыни материалдар қалып жағдай болыпты, себебі Вера Кобалия Ресей мен Грузияның қарым-қатынасының күрделі кезеңінде экономика министрі қызметінде болған.

Әңгімелесу кезінде Кобалия егер жақсы ұсыныстар түсіп жатса Қазақстанға оралғысы келетінін айтты. Бірақ ол Михаил Саакашвилидің жасап жатқан әрекеттерін бір ауыздан қолдайтынын мәлімдеді. "Мен өз елімнің - Грузияның патриотымын, ол ғалам саясаткері. Саакашвилидің Украинада істеп жатқандарының бәрі де нәтиже береді деп және Украинаның бұл жағдайдан шығатынына үміттенемін. Саакашвилимен қарым-қатынасымыз жақсы, мен онымен әрқашан жұмыс істеуге дайынмын", - деді ол.

АҚШ президенті Барак Обамамен.

Дональд Трамппен (сол жақтан санағанда екінші)

Барлық сурет Вера Кобалияның жеке архивінен алынды.

Еске сала кетейік, Астана қаласы әкімі, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша компанияның жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылған еді. Сол кезде Кобалия бұл қызметке маусым айында компанияның жаңа ұйымдастыру құрылымы таныстырылғанда келген болатын. Басқарма төрағасының орынбасары Вера Кобалия көрмені жұртшылық арасында кеңінен таныту, халықаралық қатысушылар мен туристерді тарту, коммерцияландыру және демеушілік, контет және көрмеден кейін нысандарды пайдалану мәселелеріне жетекшілік ететін болған.

Соңғы айда ұлттық компанияда атышулы қамауға алу оқиғалары болды. Маусым айының басында "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің экс-басшысы Қажымұрат Үсеновтің ұсталғанын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Ішпекбаев растаған еді. Соңғы уақытта оның ұлттық компанияда кеңесші ретінде жұмыс істегені жайлы ақпар тарады, алайда баспасөз қызметінің өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды. Кейін Үсеновке бюджеттен 214 000 000 теңгені жымқырды және аса ірі көлемде ысырап етті деген күдік келді. Тергеу мәліметінше, 2014 жылдың басында Қажымұрат Үсенов Southfork ДШС атқарушы директорымен және "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құзырлы тұлғаларымен бірге Астанада өтеді деп жоспарланған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырыған көрмесінің дайындығына арналып, сеніп тапсырылған қаражатты жымқыруды ойлаған.

Кейін, 11 маусымда Мемлекет Басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Ермегияев "Астана ЭКСПО-2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметінен босатылды. Мемлекет Басшысының Өкімімен Астана қаласының әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков "Астана ЭКСПО - 2017" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды. Екі күннен кейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің үй қамауына алынғаны белгілі болды. Талғат Ермегияевқа Қылмыстық Кодекстің 176-бабы бойынша айып тағылып отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай