23 ақпан 2017 | 23:15

Астана емханалары ұзартылған жұмыс тәртібіне көшуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев бірқатар денсаулық сақтау нысанын аралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында дәрігерлер күнделікті жұмыс тәртібі, науқастардың хал-ахуалы, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  аясында алғашқы медико-санитарлық көмек көрсету бағыттары бойынша ой бөлісті.  

Қазіргі кезде "Сенім" медициналық орталығы 13 785 адамға, соның ішінде 3 985 балаға қызмет көрсетеді. Штаттық кестеде 6 дәрігер, 18 медицина қызметкері бекітілген.

Cонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі қағазбастылықты азайту мақсатында денсаулық сақтау саласына интероперабельді және ақпараттандыру тұғырнамасын енгізу қажеттілігін ескертті.

Әсет Исекешевтің айтуынша, мәселені шешу үшін пациенттің бірыңғай электронды медициналық картасын енгізу бойынша жоба пилоттық режимде пысықталуда. Алдағы уақытта бұл жүйе Астананың барлық емханаларында енгізілмек.

Сондай-ақ, ведомство басшысы мен қала әкімі № 5 және №10 қалалық емханаға, орталық жол ауруханасына ат басын тіреді.

Кездесу барысында көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту бойынша ұсыныстар талқыланды. Атап айтқанда, медициналық көмекке барынша қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін "шағын габаритті" БМСК ұйымдарын кеңейту, олардың жұмыс кестесін өзгерту, сall-орталықтардың жұмысы арқылы ақпаратты қолжетімді қылу керек.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети