Астана халқының саны қашан 2 миллионнан асады? Әкім жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана халқының саны қашан 2 миллионнан асады? Әкім жауабы Фото: Tengrinews.kz/ Турар Казангапов

2033 жылға қарай Астана халқының саны 2,3 миллион адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2033 жылға қарай Астана халқының саны 2,3 миллион адамға жетуі мүмкін. Бұл туралы Астана әкімі Жеңіс Қасымбек мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бұл уақытқа дейін қаланың тұрғын үй қоры екі есеге артып, 68 миллион шаршы метрден асады.

"Алдағы 10 жылда қала халқы 2,3 миллион адамға дейін өседі деген болжам бар. Жаңа Бас жоспар бойынша 2035 жылға қарай барлығы 178 жаңа балабақша мен 164 мектеп, 93 денсаулық сақтау мекемесі салынады", - деді Қасымбек ОКҚ-да өткен брифингте.

Оның айтуынша, жаңа Бас жоспар жобасы қала жұртшылығымен, мәслихат депутаттарымен келісіп, қажетті сараптамалардан өткен.

"Қаланың аумағы өзгеріссіз қалды – 79,7 мың гектар. Оның едәуір бөлігін Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің және Нұра-Есіл каналының жағалауларымен бірге бірыңғай табиғи-ландшафтық кешен құрайды", - деп толықтырды әкім.

Жаңа бас жоспарға сәйкес Мыңжылдық аллеясы, Тельман тұрғын үй алабы және Тұран даңғылының батысындағы аумақтар перспективалы даму аймақтары болып белгіленген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети