23 сәуір 2015 10:43

Астана халқының Ұлы Отан соғысы тарихы жайлы білімі тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©mod.gov.kz ©mod.gov.kz

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында патриоттық акция өтті. Елорда қонақтары мен тұрғындарына он екі қазақстандық батыр - Ұлы Отан соғысына қатысушысының суреттері көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлы Отан соғысына қатысушыларының ішінде Кеңес Одағының батырлары Хиуаз Доспанова, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қарсыбай Сыпатаев, Николай Терещенко, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Леонид Беда, Сағадат Нұрмағамбетов, Талғат Бегелдинов және Нүркен Әбдіров бар.

"Сауалнаманы жүргізушілер тұрғындардан батырларды суреттеріне қарап танып, олардың аты-жөнін, даңқты ерліктері мен қызметтері туралы әңгімелеп беруді сұрады. Сауалнама нәтижелері бойынша ең танымал Әлия Молдағұлованың портреті болды. Мерген-батыр қызымызды акцияға қатысушылардың барлығы танитындығын мәлімдеді", - делінген баспасөз хабарламасында.

Сауалнама аяқталысымен қатысушыларға ҰОС батырлары туралы танымдық мәліметтері бар арнайы ақпараттық кітапшалар таратылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети