Астана ІІД өкілдері WhatsApp-та мектеп оқушыларының ұрланғаны жайлы хабарламаларға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана ІІД өкілдері  WhatsApp-та мектеп оқушыларының ұрланғаны жайлы хабарламаларға қатысты түсінік берді © Tengrinews.kz

Астана қалалық ІІД жүргізілген тексерулерден кейін №68 мектептің маңында мектеп оқушылары жоғалып кетті деген деректерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қалалық ІІД жүргізілген тексерулерден кейін №68 мектептің маңында мектеп оқушылары жоғалып кетті деген деректерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізді. Онда WhatsApp-та таралған хабарламалар расталмады. Ата-аналардан да, балалардан да жауап алынды. Жүргізушінің айтуынша, №68 мектептің үшінші сыныбында оқитын 4 оқушы тиіс емес жерде жолдан жүгіріп өтіп, салдарынан біреу көліктің алдына барып, құлап кеткен. Содан жүргізуші оқушыны құлаған жерінен көтеріп, бұл жерде жолдан өтуге болмайтынын айтып, кетіп қалған. Оқушылар болса, оны ұрысты деп қорқып, дүкенге қарай жүгіріп кеткен. Нәтижесінде оның оқушылардың бірінің туысы екені анықталды", - деді Астана қалалық ІІД өкілдері.

Сондай-ақ, Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, "102" нөміріне оқушылардың бірінің анасы қорқып, телефон соққан. Алайда ол ешқандай да өтініш жазбаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети