29 маусым 2016 | 11:39

Астана жаңбырдан кейін су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Астана жаңбырдан кейін су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Астанада осымен бірнеше күн бойы жаңбырлы ауа райы байқалады.


Иконка комментария блок соц сети

Астана жаңбырдан кейін су астында қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, Астанада осымен бірнеше күн бойы жаңбырлы ауа райы байқалады.

Толассыз жауған жаңбырдан кейін Астананың көшелері су астында қалған. Куәгелер редакцияға су басқан аймақтардың суреті мен видеоларын жолдап жатыр. Бұл видео Нәжімеденов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында сағат 9.35-те түсірілген.

 
Видео Арман Сағит

Видео авторының айтуынша, жолдың жиегі мен дөңгелектер жартылай су астында қалған.


Куәгер жолдаған сурет

Сонымен қатар, Facebook қолданушысы Жандос Адамбаев Тұран мен Керей және Жәнібек хандар көшесінінің қиылысындағы су басқан аумақтардың суретін жариялаған болатын.

 

"Қайық сатып алу керек сияқты. Көлік сатып алуды армандап жүр едім, енді қайық алу керек. Жолаушылар автобустан қалай шығатынын ойлап жатыр", - деп жазды осы суретке қатысты Астана қаласының тағы бір тұрғыны Бота Ибраева өзінің Facebook парақшасында.

Синоптиктердің мәліметінше, Екатеринбургтен келген циклонға байланысты алдағы үш күнде Астанада көшпелі бұлт, жауын-шашын мен желдің күшеюі күтіледі. Сонымен қатар, "Казгидромет" мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, Астанада бұлтты ауа райы болып, жауын-шашын мен бұршақ жауады. Ал күндізгі уақытта ауа температура 18-20 градус жылы болып, түнде 13-15 градус жылы болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети