Астана жолдарындағы жаңа радар: жүргізушілер нені білуі керек?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©️ Tengrinews.kz

Астаналық көлік жүргізушілері Жұмабек Тәшенов көшесінде бұрын бұл жерде болмаған жаңа радарды байқады. Tengrinews.kz тілшісі бұл құрылғы туралы білу үшін Sergek Group компаниясына хабарласып көрді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астаналық көлік жүргізушілері Жұмабек Тәшенов көшесінде бұрын бұл жерде болмаған жаңа радарды байқады. Tengrinews.kz тілшісі бұл құрылғы туралы білу үшін Sergek Group компаниясына хабарласып көрді.

Компанияның баспасөз қызметі бұл шынымен де олардың техникасы екенін растады.

©️ Tengrinews.kz / Эльдар Нуруллин

"Бұл радар арқылы жылдамдықты анықтайтын аппараттық-бағдарламалық кешен. Сонымен қатар, камераның мүмкіндіктері мен инфрақызыл жарықтандыруы қауіпсіздік белдігін тақпау және телефонмен сөйлесу сияқты заңбұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Sergek Group баспасөз қызметі.

Бұл ретте компания жабдықтың сынақ режимінде жұмыс істеп тұрғанын және аталған заңбұзушылықтарды ғана "көретінін", бірақ оларды әлі тіркемейтінін түсіндірді.

©️ Tengrinews.kz / Эльдар Нуруллин

"Қазіргі уақытта "Сергек" зияткерлік жүйесі бұрын белгілі болған заңбұзушылық түрлерін ғана тіркейді: жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған сигналына өту, жол таңбалау желілерін бұзу (аялдама сызығы, қиылыстың алдында жолақты ауыстыру, дұрыс емес жерде тоқтау, автобус жолағы арқылы өту). Заңбұзушылықтарды тіркеудің жаңа түрлерін қосқан кезде бұл туралы уәкілетті орган міндетті түрде хабарлайды", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети