03 желтоқсан 2014 10:38

Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Лукин. ©nurotan.kz Андрей Лукин. ©nurotan.kz

Астана қаласы әкімінің орынбасары болып Андрей Лукин тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады. 


Астана қаласы әкімінің орынбасары болып Андрей Лукин тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты қала әкімдігінің баспасөз қызметі растады. 

Еске сала кетейік, 2014 жылдың қараша айында Андрей Лукин ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылған еді. Лукин бұл қызметті 2012 жылдың ақпанынан бері атқарды, оған дейін 2005-2012 жылдары қаржы полициясы төрағасының орынбасары болды. 2003-2005 жылдары Индустрия және сауда вице-министрі, 2003 жылы осы министрліктің департамент және аппараттың құқықтық жұмыстарының директоры болды. 

Бұдан бөлек, ол әр жылдары "Kazakhstan Engineering" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, Астана тұрғын үй департаментінің директоры қызметтерін атқарды. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети