Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкілдері Астанадағы ұйымдар мен кәсіпорындарда аязға байланысты жұмыс уақытын қысқартуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті ауа температурасының күрт төмендеуі мен ауа райы нашарлағандықтан жол қақтығыстарының алдын алу үшін мемлекеттік органдарға, білім беру мекемелеріне, бизнес нысандары (базар, сауда ойын сауық орталықтарына) және құрылыс орындарына жұмыс уақытын қысқартуға кеңес береді", - делінген хабарламада.
Бұл қаланың тіршілігін қамтамасыз ететін орындарға қатысты емес. Олар: өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, шұғыл медициналық көмек, коммуналдық қызметтер.
Қазгидромет өкілдерінің хабарлауынша, 25 желтоқсанда ауа температурасы минус 30 градусқа дейін төмендейді, ол минус 38 градустай сезіледі және желдің жылдамдығы секундына 2 метр болады. Ведомство өкілдері тұрғындардан төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне қоңырау шалуды сұрайды.