09 желтоқсан 2016 | 15:23

Астана қаласының 2017 жылға арналған бюджеті бекітілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Астана қаласының 2017 жылға арналған бюджеті бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының 2017 жылға арналған бюджеті бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Елорданың 2017 жылға арналған бюджеті 372 млрд 868 млн теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттер мен несиелер - 153,4 миллиард теңге, жеке кірістер 212,6 миллиард теңгені құрайды.

Мәслихаттың кезекті сессиясында "Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы" баяндамасын А.Лукин таныстырды. Астана қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті елорданың бес жылға әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде әзірленгені айтылады (2016-2021 жылдар).

"Бюджетте білім саласына шығындар қарастырылған, соның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету, елорданың барлық ЖОО мен колледждерінде күндізгі бөлімде оқитын студенттерді қоғамдық көлікпен жеңілдікпен жүру мүмкіндігімен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік көмекке және мәдениет, дене шынықтыру және спортты қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға, отын-энергетикалық кешенді дамытуға, көлік және коммуникацияға шығындар қарастырылған", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети